Қазыналы мекен. Жетібай: жаңа мүмкіндіктерге жол ашқан технологиялар
Жарты ғасыр уақыт ішінде «Жетібаймұнайгаз» өз өнімін 10 есеге арттырды. Бұл жерде жұмыс бір сәт тоқтаған емес.
«Қазыналы мекен» бағдарламасының түсірілім тобы сіздері Жетібай кен орнымен таныстыруын жалғастырады.
Өндіріс қарқынын күшейту мақсатында кен орындарын жыл сайын жаңа заманауи технологиялармен жабдықтау көзделген. Олардың қатарында «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасы да бар. Бүгінде ол 7 жаңа технология бойынша жұмыс жасайды.
Кен орнында қолданылып отырған ең тиімді инновациялық әдістердің бірі көлденең ұңғымаларды бұрғылау. Ол мұнай көлемін арттыруда қаншалықты тиімді тәсіл?