Қазыналы мекен. Сыр өңіріндегі геофизикалық зерттеу жұмыстары
Кен орнында мұнайдың бар-жоғы қалай анықталады?
Алдымен мұнайы бар деп болжанған ауданға көзбен шолу жасалады. Себебі көмірқышқыл шикізаты жатқан орынды анықтаудың бірнеше жанама белгілері болады. Бірақ іздеу жұмыстары барынша нәтижелі болуы үшін жер астына да үңілу қажет. Оның барлығын геофизикалық зерттеулер арқылы жүргізуге болады. Бүгінгі таңда «ЦентрПромГеофизика» ЖШС Қызылорда және Атырау облыстарында мұнай іздеу жұмыстарымен айналысуда. Зерттеу тәсілдері қалай жүргізіліп жатыр? Заманауи геологиялық барлаудың басты мәселесі неде?