Қазыналы мекен. Алтын қалай өндіріледі?

vlada.io

Ақмола облысы республика бойынша ШҚО-дан кейін алтын қоры жағынан 2-орынды алады. Бүгінгі шығарылымды біз осы өңірдегі «Райгородок» кен орнына арнамақпыз.

Бурабайдан 70 шақырым жерде орналасқан онда алтынның бар екені 1937 жылы белгілі болды. Бірақ геофизикалық іздеу-барлау жұмыстары өткен ғасырдың 60-шы жылдарында ғана жүргізілді. Жұмысты бастаған уақытта кен орнындағы өнім көлемі 550 тонна болса, былтырдан бастап өнім 1000 тоннаға дейін артты. Гидрометталургиялық кешен кәсіпорынның басты нысаны. Дәл осы жерде алтынның бөлшектерімен байытылған химиялық ерітіндіден бағалы металл құймасы алынады.

Компанияның екі карьері бар. Қазіргі таңда онда ашық түрде кен өндіріліп жатыр. Барлық жұмыс ең алдымен кен үгітілуден басталады. Ары қарай қалай жүзеге асатынын толығырақ бағдарламада баяндаймыз.