Қазыналы мекен. Қызылорда облысындағы қара алтын өндірісі
«Құмкөл» Қызылорда облысындағы ең ірі мұнай-газ кен орындарының бірі.
2004 жылдан бері компания кенінде ілеспе газды пайдаға жаратуға қатысты бірқатар жобалар жүзеге асырыла бастады. Газ турбиналы электр станциясы салынып, іске қосылды. Ілеспе мұнай газынан электр энергиясын өндіріп, жер қабатына кері айдау арқылы пайдаға жарату ірі экологиялық жобалардың қатарында. «ПетроҚазақстан» компаниясы мұндай жобаны бірінші болып іске асырды. Бүгінде компанияға қарасты 16 кен орны бар. Олардан өндірілген шикізат Орталық мұнайды дайындау және тасымалдау цехына келіп жиналады. Қара алтын мұнда тауарлық өнімге дейін өңделіп, тұтынушыларға жіберіледі. Кәсіпорынның жұмысын толығырақ бүгінгі бағдарламадан көре аласыздар.