Қазыналы мекен. Алтын қалай өндіріледі?
Көкшетау қаласынан 15 шақырым жерде ерекше кен орны орналасқан. Ол тарихы тереңде жатқан Васильков тау-кен комбинаты.
Кәсіпорын біраз қиындықтарды бастан өткізіп, тоқтап та қалды. Алайда кейін «Алтынтау-Көкшетау» деген атаумен қайта жанданды. 36 жыл бұрын өз өндірісін бастаған бұл ошақтың бүгінгі қарқыны қандай?