Қазыналы мекен. Уран қалай өндіріледі?

Уран өндірісі Қазақстан экономикасының басым бағыттарының бірі.

Бұл салада қазіргі таңда 25 мыңдай адам еңбек етеді. Елімізде барланған уранның қоры 1,6 млн тоннаны құрайды. Кен орындары 6 уранды кенішті аудандарында орналасқан. Солардың бірі Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы «Ру-6» кен орны. Іргесі 1983 жылы қаланған. Уран өндіру жұмыстары қалай жүзеге асырылатынын толығырақ бүгінгі шығарылымда баяндаймыз.