Келіссөз. Ауылшаруашылық мамандары ауадай қажет

Жылына ауыл шаруашылығы саласы бойынша білім алып шығатын жастардың саны 2 мыңнан асады.

Алайда шаруа қожалықтары осы салаға қажетті білікті де білімді мамандарға зәру. Әсіресе ветеринарларға деген сұраныс артып отыр.  Бұл саланы өркендетуде қалайша маман тапшы? Мәселені шешудің тиімді жолдары бар ма?

Бүгінгі бағдарлама қонақтары ауыл шаруашылығы сарапшысы Төлеутай Рақымбеков және С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ департамент директоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Нұрлан Серікбаевпен осы тақырыпты талқыға саламыз.