Келіссөз. Елімізде қанша қарттар үйі бар?
Қарттық келіп дендегенде баладан жылу таппай, өзгеге жалтақтаған қариялар кімнен пана іздейді?
Соңғы уақытта қарттар үйі көбейіп барады дегенді жиі естиміз. Олардың саны шын мәнінде қанша? Мемлекетке қарайтын қарттар үйінен бөлек, жекеменшік үйлер де бар. Қарияларға арналған мұндай шағын орталықтардың мақсаты не?
Бағдарлама қонақтары ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің басқарма басшысы Жадыра Дәулетханова және Астана қаласы аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлаубек Байболовпен осы тақырып төңірегінде сөз қозғамақпыз.