Кемел қала. Ел игілігіне берілген пәтерлер

Қазақстанда халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында жыл сайын тұрғын үй, соның ішінде арендалық баспана құрылысының қарқынын арттыру көзделіп отыр. 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында аталған салаға 818,9 млрд теңге жұмсалған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 31,5 пайыз жоғары. Негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы көлемі бойынша тұрғын үй құрылысы саласындағы игерілген қаржы 10,9 пайызға жетіп отыр. Биылғы жылдың 9 айында 8841,6 м2 (сегіз мың сегіз жүз қырық бір де алты шаршы метр) баспана пайдалануға берілді. Былтыр осы кезеңде ел игілігіне берілген пәтерлердің физикалық көлем индексі 111,6 пайызды құрады.