Кемел қала. Мектептерді цифрландыру
Астанада мектептерді цифрландыру ісі табысты жүзеге асырылып жатыр. Жалпы алғанда, еліміздегі білім саласын цифрландыру оны реформалау процесіндегі басты бағыттардың бірі. Мәселе онлайн-оқулықтар, виртуалды зертханалар, білім беру контентінің ашықтығы, әр оқушымен жеке-дара қарым-қатынас орнатып, олардың тілін табу жайында болып отыр. Оқушылар үй тапсырмасын бірлесе отырып, онлайн режимде орындай алады. Оқу процесін әрбір оқушының ID -мен байланыстыру көзделіп отыр. Бұл баға қойып, рейтингті қалыптастыруға мүмкіндік береді.