Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 137
366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кемел қала. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын цифрландыру

  • 36

Астанадағы аудандардың бірінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын цифрландыру аясында ақылды есептеуіш құралдары сәтті жұмыс істеп тұр. Бұл бағыттағы жұмыстар жеке инвестордың қаржысы есебінен жүзеге асырылды. Бұдан былай пәтер иелері су мен электр қуаты шығындары туралы мәліметтерді жазбаша немесе ауызша бермейді. Смарт-есептеуіштер қажетті ақпаратты коммуналдық мекемелерге автоматты түрде жібереді. Бұл тұтыну ресурстарын бақылауды реттеп, төлем жасау жүйесін жария ету және есептеусіз тұтыну көлемін азайтуға бағытталған.

Хабар 24 телеарнасы