384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кемел қала | iQala қалалық қызметтердің бірыңғай орталығы

  • 229

Елорда тұрғындары мен қала басшыларының өзара ынтымақтастығы жаңа деңгейге өтіп, Нұр-Сұлтанда iQala қалалық қызметтердің бірыңғай орталығы іске қосылды. Әкімдік басқармаларының, коммуналдық, муниципалдық мекемелердің, қолдау институттары мен кәсіпкерлікті дамыту қызметтері осы iQala фронт-кеңсесіне шоғырланған. Орталық «бір терезе» қағидасымен жұмыс істейді. Сондықтан әр мекемеде бітетін шаруаның барлығы қазір бір жерде. Әрі әлдеқайда қолайлы бола түсті. Елорда тұрғындарына енді мөр бастыру үшін әр мекемеге жүрігіп жүрудің керегі жоқ. Ол үшін бар болғаны, IQala бірыңғай қалалық қызметтер орталығына келіп, бірнеше мәселесін сол жерде шешіп алуына болады.

Хабар 24 телеарнасы