Қор нарығындағы акцияларды сатып алу үйде отырып пиццаға тапсырыс бергендей оңай шаруа. Қаржы саласында арнайы білімі жоқ қарапайым адам да 500 доллары болса, инвестор атана алады. Яғни Apple немесе McDonalds-тың құнды қағаздарына еш қиындықсыз иелік ете алады. Қор биржасындағы сауда-саттық тек элитаға ғана қолжетімді деген пікір қате. Бүгінде бағалы қағазды кез келген адам үйде отырып-ақ сатып ала алады. Бұған жаппай компьютерленген заман мен брокерге берер төлем шегінің төмендеуі сеп болып отыр.
«Керек дерек» бағдарламасының бүгінгі шығарылымында қор биржасындағы сауда-саттық немесе 10 минут ішінде қалай инвестор атануға болатынын баяндаймыз.
«Керек дерек» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.