Түркістанда ер адамның көлігінен тапанша табылды | Кезекші бөлім

Қылмыс хроникасы мен төтенше жағдайлар хабары. Осы бағдарламадан көретіндеріңіз:

- Жамбыл облысында барымташы ұсталды. Ол жергілікті тұрғынның жиырма бес жылқысын қолды қылды;

- Түркістанда ер адамның көлігінен тапанша табылды. Қазір тұрғынның қандай да бір қылмысқа қатысы бар жоғы анықталып жатыр;

- Өскеменде аулада емін-еркін есірткі шегіп отырған жігіт ұсталды. Ол Сергек бейнебақылау камерасына түсіп қалған;

- Абай облысында күнбағыс алқабының қақ ортасында есірткі өсіргендер ұсталды. Ұйымдасқан топ мүшелері 11 адамнан құралған.

«Кезекші бөлім» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.