Алматыда есірткіні АҚШ-тан пошта арқылы алдырып отырған қылмыскерлер ұсталды | Кезекші бөлім

Қылмыс хроникасы мен төтенше жағдайлар хабары. Осы бағдарламадан көретіндеріңіз:

- Алматыда есірткіні АҚШ-тан пошта арқылы алдырып отырған қылмыскерлер ұсталды. Полицейлер иісшіл иттің көмегімен 1 жарым келіге жуық психотроптық зат тапты;

- Қарағанды облысында танысымен жанжалдасқан ер адам оны үшінші қабаттан итеріп жіберді. Келіншек қатты зардап шекті;

- Түркістанда тәртіп сақшысына күш көрсеткен 3 азамат қамауға алынды. Енді олар 4 жылға түрмеге жабылуы мүмкін;

- Ақмола облысында бір топ ұры полицияның қолына түсті. Кәсіпорын иесі, қарақшылардың 6 миллион теңге шығын келтіргенін айтуда.

«Кезекші бөлім» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.