10 жылда жол ережесін бұзбаған жүргізушілер марапатталды
Бүгінгі бағдарламада:
1) Шымкентте патрульдік полициядан қашпақ болған жүргізуші тәртіп сақшысының өмірін қатерге тікті. Бұл оқиға жасанды интеллект негізіндегі жүйеден түскен хабарламадан кейін басталған.
2) Қайықтар, ау құралдары және бір тоннадан астам балық: Түркістан облысында 10 миллион теңге болатын балықты заңсыз аулаған браконьерлер ұсталды.
3) Жамбыл облысында 12 адам үш жыл ішінде 300-ге жуық алаяқтық операция жасаған. Солардың бірі – ерлі-зайыптылар. Олар бірнеше айда 120 миллион теңгеден қаржыны қалталарына басқан.