Көше тазалаушысына тіл тигізген блогер сотталды
Бүгінгі бағдарламада:
- Алтын безгегі. Жамбыл облысында комбинат қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар қылмыстық топ құрған. Олар алтын өндіріп, саудалап келген. 6 келі алтын тәркіленді.
- Ақтаулық ерлі-зайыптылар онлайн-лотереямен қомақты табыс тапқанымен, қуаныштары ұзаққа созылмады. 160 миллион теңге тұратын мүлік пен шоттары бұғатталды.
- Алматы облысында қоғамдық қордың басшысы ұсталды. Әйел адам шетелде сотталған қазақстандықтарды елге қайтаруға уәде беріп, олардың туыстарынан ақша алған. Қазіргі уақытта ол алаяқтық бойынша күдікке ілінді.