Маңғыстау облысында теміржол өткелінің жұмысшысын бетон тіреуіш басып қалды | Кезекші бөлім

Қылмыс хроникасы мен төтенше жағдайлар хабары. Осы бағдарламадан көретіндеріңіз:

- Алматы облысында 10-сыныптың оқушысы өз өзіне қол жұмсады. Қазір тәртіп сақшылары бойжеткеннің неліктен мұндай қадамға барғанын анықтап жатыр;

- Маңғыстау облысында теміржол өткелінің жұмысшысын бетон тіреуіш басып қалды. Өкінішке қарай, ауыр жарақаттың салдарынан ол қаза тапты;

- Павлодарда мектеп оқушылары арасындағы кикілжің бірін –бірі кеңсе пышағымен тілімдеумен аяқталды. Жарақаттанған жеткіншектер ауруханаға жеткізілді;

- Ұлытау облысында станса аумағында ойнап жүрген 5 жасар баланы тоқ соқты. Бүлдіршіннің аяқ-қолын күйік шалды.

 

«Кезекші бөлім» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.