Клиент үшін талас. Көлік майын ауыстыру құны қанша?
Көліктегі майды дер кезінде ауыстыру өте маңызды. Себебі ол қозғалтқыштың жұмысына тікелей әсер етеді.
Бүгінде май және маймен майлайтын материалдарды барлық жерден алуға болады. Бірақ қолжетімді өнім сапалы ма? Нарықтағы бұл қызметтің құны қанша? Үнемдеу мүмкін бе? Бүгінгі шығарылым кейіпкері Жандарбек Құраловпен бірге біз тиімді баға ұсынатын осындай қызмет орталығын іздеп, артық шығыннан құтылудың жолын қарастырмақпыз.