Клиент үшін талас. Арзан жаттығу залын табу мүмкін бе?
Бұл күні жаттығу залдарына бас сұғатын көпшілік қатары көбейіп келеді.
Алайда фитнес орталықтарының ай сайынғы төлемі арзанға түспейді. Бұл жолғы кейіпкеріміз Руслан Ибраевқа 1 жылдық абонемент жеңілдікпен қажет. Ол осы мақсатта қаладағы бірнеше фитнес орталықтарына бас сұқты. Бірақ олар айтқан бағаны Русланның қалтасы көтермейді. Сол себепті ол біздің бағдарламаға хабарласып, қолжетімді жаттығу залын табуға көмектесуімізді өтінді. Фитнес залдарының нарықтағы құны қандай? Үнемдеуге болады ма? Ендеше бірге іздеп көрейік!