Клиент үшін талас! Автодыбыс қызметі
Бүгінгі шығарылым кейіпкері Александр Финаев 2002 жылғы көліктің қожайыны.
Ол темір тұлпарындағы магнитофон мен динамикті ауыстыру мақсатында біраз дүкендерді аралады. Алайда 170 пен 211 мың теңге аралығында сатушылар ұсынған баға оның көңілінен шықпады. Сондықтан ол біздің бағдарламаға хабарласып, қолжетімді бағадағы қызмет түрін табуға көмектесуімізді өтінді.
Ол жай ғана магнитофон емес, түрлі фильмдер көре алатындай экранмен жабдықталған құрылғыны қалайды. Онда флешка мен бейнекамера қосылуы да шарт. Сондай-ақ жақсы динамикаға қол жеткіземін деген үмітте.
Кейіпкеріміздің талаптарын орындай аламыз ба? Көлікке мұндай құрылғыны орнататын арнайы мамандандырылған дүкендер мен орталықтар бізге қандай баға ұсынады? Александр бұл қызметте үнемдей алды ма?