Клиент үшін талас. Мейрамхана бизнесі
Бүгінгі кейіпкеріміз Самат Байғабұлов Астанадан лаунж бар ашуды жоспарлап отыр.
Ол өз кәсібіне тыңғылықты дайындалуда. Бүгінде қаладан аумағы 150 шаршы метрлік орын да таңдап қойды. Бастаған ісінің ойдағыдай болатынына сенімді. Бастысы қажетті қаражат керек. Ол таңдаған кешеннің дизайны, архитектурасы мен жөндеу жұмыстарына қолдағы ақшам жетпейді дейді. Қалтаға салмақ түсіретін болғандықтан Самат көмектесер деген ниетпен «Клиент үшін талас» бағдарламасына хабарласты. Талабы бойынша ол таңдаған компания жұмысты 2 айда аяқтауы тиіс. Нәтижесі қандай? Ол көңілге қонымды бағада келісім жасай алды ма?