Клиент үшін талас. Клинингтік қызметтер құны қанша?
Бүгінгі бағдарлама кейіпкері Әсел Измайлова жақында қоныс тойын тойлайды. Аумағы 350 шаршы метрді құрайтын 3 қабатты үйде жөндеу жұмыстары енді аяқталғандықтан, ол жиналған дайын баспанаға көшуді қалайды.
Нарықтағы бұл қызмет түрлері өте қымбат. Әр шаршы метрге 800 теңге ұсынған клинингтік компаниялардың бағасы Әселдің көңілінен шықпады. Сондықтан «Клиент үшін талас» бағдарламасына хабарласты. Олар кейіпкерімізге көңілінен шыққан қызметті көрсететін компания тауып бере алды ма?