375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәдениетке саяхат. «Форте трио» ұжымы Рахманиновтың шығармашылығына арналған концерт өткізбек

  • 117

- Астана опера театрының артистері Еуропадағы гастролдік сапарын аяқтап, елге оралды. 1 ай бойы тығыз жұмыс кестесімен еуропаның төрінде өнер көрсеткен жерлестеріміз бас-аяғы 18 спектакльді шетелдік көрермендердің назарына ұсынды;

- Орындықтардың беті жабық, жарық қойылмаған. Тым тырыс зал өз көрермендерін күтіп тұр. Сахнада дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Рахманиновтың шығармашылығына арналған концертті, танымал «Форте трио» ұжымы ұйымдастыру үстінде;

- Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы 19 қаңтар күні Ахмет Жұбанов пен Ғазиза Жұбанованың «Құрманғазы» атты концерттік операсын көрермен назарына ұсынады. Концертке камералық хор, эстрадалық би ансамблі, симфониялық оркестр жұмылдырылған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, кеш қойылыммен көмкерілгенімен, мақсат - музыканың құдіретін көпшілікке паш ету.

Хабар 24 телеарнасы