384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәдениетке саяхат І Оспан батырдың 120 жылдығы

  • 274

- Елордалық театрдың Үлкен залы сахнасында артистердің екі буыны – Қазақ ұлттық хореография академиясының жас оқушылары мен «Астана Операның» тәжірибелі солистерінің басын біріктірген Гала-балет өтті;

- Қазақстан балеті қарқынды дамып келеді. Астана Операның артистері бұл бағытта, біздің елді әртарапта жүріп таныстыруымен үлкен үлес қосып жатыр;

- Елордада Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының ұйымдастыруымен әйгілі Оспан батырдың 120 жылдығына арналған «Қайқая шапқан Қарагер» атты халықтың музыкалық поэма кеші өтті;

- «Жүрекке жол тапқан музыка». Осындай атаумен Астана Опера театрының камералық залында заманауи камералық музыка кеші өтті. Концертке халықаралық байқаулардың лауреаттары Ұлпан Әбдікәрімова, Роза Солтыханова, Манарбек Абаев, Динара Қалабаева қатысты.

Хабар 24 телеарнасы