Конституциялық реформа қандай өзгеріс әкеледі? І Күн тәртібі І 25.04.2022

Конституциялық сот бізде бұрын да болған. 1992 жылы құрылды. Бірақ арада 3 жыл өткенде конституциялық кеңеске ауысты. Сол кезде мұны супер-президенттік жүйені дамыту үшін әдейі жасап жатыр деген кісілер көп еді. Билікке қарсы сөз айтатындарды ақтамау үшін де әлгі сотты жою қажет болды деген пайым айтылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шынында солай ма? «Күн тәртібінде» осы және тақырыпқа қатысты өзге де сұрақтар қозғалды.

– Жұрттың осы сенімі ақтала ма?

– Конституциялық сот адамдардың құқығын қорғай ма, әлде биліктің сойылын соға ма?

– Ата заңға қандай өзгерістер енгізіледі?

– Конституциялық соттың құрылуы не береді?

 Тікелей эфир спикерлері осы сауалдарға жауап берді.

Спикерлер: ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Бекжанов, заңгер Думан Базарбеков, саясаттанушы Дос Көшім, заң ғылымдарының докторы, профессор Ермек Әбдірасулов, белсенді Макс Боқаев, адвокат Абзал Құспан.