Жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы қаншалықты тиімді? І Күн тәртібі І 24.05.2022

Елде үйсіз жүргендердің саны 2 млн-нан асады. Бұл енді ресми дерек. Ал  кезекке іліге алмай, құр сүлдерін сүйретіп, талғажауға татыр дәмін әрең тауып жүрген адамдардың саны бұдан да көп болуы бек мүмкін. Арасында жастардың да бары қынжылтады. Неге? Өйткені баспасыз босып жүрген әлгі жастың әлеуметтік мәселесі шешілмесе, елдің ендігі күні не боларын болжау қиын. Мұның қоғамның бітеу жарасына айналғаны қашан? Сіз не дейсіз? Қайтсек жастарды баспаналы қыламыз?

«Алматы жастары» бағдарламасын білесіздер ғой. Соған құжат жинау басталды. Осы күнге дейін қанша адам өтінім беріп үлгерді екен? Оны «Отбасы банк» бизнесті дамыту басқармасының басшысы Марина Орынбаевадан сұрап білем. Ол кісі студиға келіп отыр. Мәжіліс депутаты Мәди Ахметов те осында.