Құрылыс нарығы. Риэлторлық қызмет

Еліміздің әрбір тұрғыны ерте ме, кеш пе риэлторлар қызметіне жүгінері сөзсіз. Өйткені олар пәтер іздеп, кеңсені жалға алу барысында немесе сатып алу кезеңінде сіздің уақытыңызды үнемдейді. Алайда Қазақстанда бұл саланы реттейтін арнайы заң жоқ. Нарық, салық кодексі, кәсіпкерлік қызмет туралы заңдарға ішінара бағынышты болу арқылы бұл саланы өздігінен реттеуге мәжбүр. Сонымен риэлтор деген кім? Оларды қайдан іздеп және қалай жұмыс істеу керек? Бұл сұрақтарға бүгінгі бағдарламада жауап береміз.