Құрылыс нарығы. Ұлттық банк қарыз алушылардың құқықтарын кеңейтті

Екінші деңгейлі банктердің клиенттері несиені белгіленген мерзімде төлеудің уақыты өтіп кеткен жағдайда 30 күннің ішінде алынған қарыз туралы шартқа өзгеріс енгізу жайлы өтініш жаза алады. Тиісті талаптарды банктер келісімге енгізулері тиіс. Қарыз алған азаматтардың өтінішін екінші деңгейлі банктер 15 күннің ішінде қарастырулары тиіс. Сондықтан банктер адамдардың төлем  қабілеттерін анықтауға аса мұқият болады, ал бұл мақұлданған ипотеканың санын азайтуы мүмкін.