Құрылыс жобасы. Құрылыстағы еуропалық стандарт
Бүгінгі таңда ел үкіметі құрылыс саласын реформалауға қатысты жаңа тұжырымдаманы бекітті. Онда аталмыш салаға күрделі өзгертулер енгізу қарастырылған.
Құжатта қамтылған ережелер жүзеге асырылса, бұдан былай тұрғындар үйлердің сапасыз көтерілуіне байланысты алаңдамаулары тиіс. Бұл жаңашылдықтың бірі еурокодтарды енгізу. Ол Қазақстанға алдыңғы қатарлы технологиялар мен инновацияларды қолдануға мүмкіндік береді. Бұл арқылы еліміз халықаралық бәсекеге төтеп беріп қана қоймай, сыртта да қызмет көрсете алады. Осының барлығы инвесторлар жұмысын жақсартпақ. Елімізде биыл бой көтеретін нысандар осы жаңа құрылыс стандарттарына сай салынады. Жалпы құрылыс саласындағы жаңа ережелердің нақты қандай артықшылықтары бар? Жаңа құрылыс нормалары бойынша салынған үйлердің тұрғындары жайлы өмір сүре алады ма?