Құрылыс жобасы. Пәтерді қосымша дыбыстардан оқшаулау
Бүгінгі таңда тапсырылған көпқабатты үйлердің қабырғаларының жұқалығы сырттағы артық дыбысты естіртеді.
Бұл құрылыс кезінде тиісті жұмыс ережелерінің сақталмағандығынан болатын жәйт дейді мамандар. Мұндай жағдайда сіз Сәулет құрылыстық бақылау мемлекеттік басқармасына хабарласып, шағымдана аласыз. Бұл мекеме құрылыс заңнамасы мен нысандарды салу барысында талаптардың сақталуына жауапты.
Жалпы мұндай мәселені шешудің өзге де жолдары бар ма? Жеке пәтерді бөтен дыбыстардан қалай оқшаулаймыз? Мамандардың айтуы бойынша оның шешімі бар. Ендеше артық дыбыстан шаршасаңыз бүгінгі бағдарламадағы олардың кеңесіне құлақ түріңіз.