Құрылыс жобасы. Аз шығынды қажет ететін балабақша құрылысы
Елімізде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында қоғамға пайда, ал өзіңізге табыс әкелетін балабақшаны қалай салуға болады?
«Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы» заң күшіне енгеніне көп бола қойған жоқ. Алайда көпшілік қысқа уақытта оның тиімділігіне көз жеткізіп үлгерді. Мемлекет пен жеке бизнес өкілдері арасында әріптестік қарым-қатынас орнату мүмкіндігін пайдалана отырып зауыт, фабрикалармен қатар, әлеуметтік нысандар салу да қолға алынды. Жаңа үрдістің арқасында елде тапшы балабақшалар пайда болды. Бұл нысандар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі бойынша Қазақстанның әр аймағында бой көтерді. Толығырақ бүгінгі шығарылымда тарқатамыз.