Құрылыс жобасы. Тәуелсіздік жылдарындағы құрылыс саласының дамуы
Елдегі құрылыс саласындағы заманауи технология ең алдымен Астанада жүзеге асырылады.
Тұрғын үй салу комбинаттары, күн сәулесінен қуат алатын панельдер және тағы басқа жаңашылдықтар бас қала көшелерінен орын тапқан. Сондай-ақ мұнда «жасыл» технология бойынша салынатын тұрғын үй бой көтермек. Жалпы Қазақстанның әлеуметтік маңызды саласына қатысты жеке заңы тәуелсіздік алғаннан кейін шықты. Бүгінгі нормалар құрылыс саласында пайда болатын жаңа технологиялармен бірге дамып келеді. Отандық құрылыс саласындағы тәртіп пен өзгерістер, озық үлгідегі технологиялар мен сапа жайлы бағдарламада толығырақ тарқатамыз.