Құрылыс жобасы. Линолеум мен ламинат: артықшылығы мен кемшілігі

www.decorlacharite.ca

Құрылыс материалдарын сататын дүкенге келген әрбір тұтынушының барлық талаптарына сай келетін еденге төселетін материалды қалай таңдаймыз? Жөндеу жұмыстарын жасау барысында әрбір пәтер иесінің алдында осындай сұрақ тұрады. Түсі, құрылымы мен пішіндеріне байланысты линолеум мен ламинаттың түрі көп. Бағасы мен сапасы да әр түрлі. Бүгінгі шығарылымда біз осы екеуінің артықшылығы мен кемшілігіне тоқталамыз.