Тынымсыз еңбектің жолында жүргендер
Қыс мезгілінде құтқарушылардың жұмысы ерекше жауапкершілік пен мұқияттылықты талап етеді. Боранды күндері және мұз айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мамандар бұл мезгілде тәуліктік кезекшілік атқарады. Арнайы киімдермен жабдықталған құтқарушылар аязға да, желдің қатты ызғарына да төтеп беріп, халыққа қол ұшын созуға әрдайым дайын тұрады. Қызмет етемін бағдарламасы бүгінгі шығарылымда Астана қаласындағы жедел құтқару жасағының жұмысы жайлы айтатын болады.