Ливанға лай көшкіні қаупі төнді

Ливанда су тасқыны басылар емес. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Бейруттың бірнеше ауданы топан су астында қалды.

Табиғат апатынан аймақта көлік қатынасы тежелді. Ондаған баспана жарамсыз күйге жетті. Төпелеп жауған жауын салдарынан өңірде лай көшкіні басталуы қаупі бар. Әзірге зардап шеккендер мен мерт болғандар жайлы ақпарат түскен жоқ. Жергілікті билік тұрғындарды абай болуға шақырады.