Ауғанстанда тәліптер мен мемлекеттік қызметкерлерге смартфон пайдалануға тыйым салынды

Жаңа талапты бұзғандар қылмыскер деп танылып, әскери сот алдында жауап береді. "Талибан" қозғалысының жетекшісі Хайбатулла Ахундзада қозғалыс мүшелері мен мемлекеттік қызметкерлерге смартфон пайдалануға тыйым салатын ауызша бұйрық берді. Бұл туралы «24kz» Afghanistan International басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған шешім Ахундзаданың елдің сегіз аймағындағы әскери сот төрағаларымен, полиция бастықтарымен және барлау қызметінің басшыларымен кездесуі барысында қабылданған.

Жаңа ережені бұзған кез келген тұлға заң алдында қылмыскер деп танылып, ісі тікелей әскери сотқа жолданады. Тәртіптің орындалуын қадағалау мақсатында елде арнайы бақылау жүйесі іске қосылды.

Қазіргі уақытта жауапты органдар арнайы тізім әзірлеген. Онда бақылауға алынған әрбір қызметкер туралы келесі мәліметтер қамтылған.

Айта кетерлігі, бұл Ауғанстандағы смартфондарға қатысты енгізіліп отырған алғашқы шектеу емес. Осыған дейін «Талибанның» Білім министрлігі арнайы құжат шығарып, студенттер мен оқушыларға мектептер мен діни семинарияларға ұялы телефон әкелуге тыйым салған болатын.

Ведомство өкілдері өздерінің ресми мәлімдемелерінде заманауи смартфондарды «мұсылмандардың үш басты жауының бірі» деп атаған еді.