Қaзaқстан мен Қытай «Экспо» көрмесіне 100-ге жуық жоба әзірлейді

фото: Today.kz

Қазақстан мен Қытай елдерінің Ұлттық инженерлік академиялары ақпараттық қауіпсіздік пен IT технологиялары саласында бірқатар жобаны іске асырмақ.

Екі тарап осыдан бір жыл бұрын өзара қарым-қатынас жөнінде меморандумға қол қойған. Соның нәтижесінде ел студенттері 2017 жылдан бастап Қытайда тәлім алып, шетелдік ғалымдармен бірлесіп жұмыс жасайды. Сондай-ақ, елімізде өткізілетін «Экспо» көрмесі кезінде академияға мүше жоғары оқу орындарының професорлары мен студенттері бірнеше жобаның мазмұнын әзірлейтін болады.

Амандық Төлешев, ҰИА вице-президенті:

- Ол жерде 100 жуық жоба шығуы мүмкін. Себебі ол конгресске бір ғана инжинерлік академия келмейді, көптеген Қытайдың институттары, ЖОО келеді.