Әлем тынысы І Еуропарламент сайлауы

Қырық жылдан кейін Еуропарламент сайлауы өзгеше қарқын алып отыр. Еуропалық парламент сайлауы мамыр айының 23 мен 26 аралығына белгіленген. Осы аралықта ЕуроОдаққа кіретін барлық мемлекеттерде дауыс беріледі. Тіпті қауымдастық құрамынан әлі шыға қоймаған Ұлыбританияда да сайлауға қатысады.