Мальдив аралдарынан келгендер 14 күн үйде оқшауланады

Мальдив аралдарына барып келген адамдар 14 күн үйде оқшауланады.

Бұл туралы еліміздің бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Азаматтардың ПТР-тесті теріс нәтиже көрсетсе де, тіпті вакциналаудан өтсе де, үй жағдайында карантинде болады. Мальдив аралдарында болғандар екі апта бойына медицина мамандарының бақылауына алынады. Қаулы 17 мамырдан бастап күшіне енеді. Бұған дейін Қазақстан Мальдив аралдарымен халықаралық рейстерді тоқтатқан болатын.