Түркияда шектеу шаралары жеңілдетілді

Түркияда керісінше індеттің таралуы саябырлап, шектеу шаралары жеңілдетілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сауда орталықтары, киім-кешек және шаруашылық заттарын сататын дүкендердің жұмыс істеуіне рұқсат етілді. Бірақ елде маусымның 1-іне дейін коменданттық сағат сақталады. Мейрамханалар мен дәмханалар тек тамақты өзімен бірге алып кету қызметін көрсетеді. Түркияда наурыз айында індеттің таралуы күшейіп, сәуірде қатаң карантин енгізілген. Наурыз айында елде тәулігіне 60 мыңнан аса адам вирус жұқтырса, қазір бұл едәуір төмендеді. Билік соңғы күндері бұл көрсеткіш 11 500 төңірегінде екенін айтады.