Ухань зертханасы: АҚШ пен Қытай текетіресі қайта ушықты | Әлем
«Біз өз-өзімізге ор қазып жатырмыз». Климаттың жай күйін саралаған жаһандық саммитте БҰҰ-ның басшысы осылай деді. Қорқынышты, бірақ шындық. Оған қоса коронавирус індеті қайта өрши бастады. АҚШ Covid-19-дың шығу мәселесіне қатысты саяси айла-амалды қолдануды тоқтатып, індеттің пайда болуын ғылыми тұрғыдан іздеуге күш салуы тиіс. Қытай апта басында Вашингтонның мәлімдемесіне осылай деп жауап берді. Ақ үй Сәуле Омароваға валюталық реттеу қызметін сеніп тапсыруды ұсынды. Боксшылар Токиода кеткен есені қайтарып, толағай табысқа қол жеткізді.