Бразилияда ормандарды жою жиілеп барады

Бразилияның Амазон өзені аймағында биыл ормандарды отау 22 процентке ұлғайған.

Бұл туралы осы елдегі үкімет мәлім етті. Жергілікті ғарышты зерттеулер агенттігінің мәліметіне қарағанда биыл жыл басталғалы 13 мың шаршы шақырым алқап жойылыпты. Салыстырмалы түрде алса, бұл Нью-Йорк шаһары аумағынан 17 есе артық. Мамандар бұл 2006 жылдан кейінгі ормандардың ең көп шабылуы деп алаңдаушылық білдіріп жатыр. Табиғатты қорғаушылар бұған президент Жаир Болсонарудың саясаты себеп дегенді айтады.

Кристиан Мазетти, Greenpeace Brazil ұйымының өкілі:

- Ормандардың оталуына қоршаған ортаны қорғау агенттігінің экологиялық сараптама санын азайтып, тиімсіз стратегияларды қолдануы себеп. Егер қазір Ұлттық конгресте қарастырылып жатқан заңға өзгертулер енгізілсе жағдай одан бетер нашарлауы мүмкін.