Ресейге қарсы 8-санкциялар пакеті ұсынылды

Еурокомиссия Ресейге қарсы 8-ші санкциялар пакетін дайындады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа шектеу шараларына Ресей тауарларының импорты мен экспорты кіреді. Оның ішінде авиациялық тауар, электронды құрамдас бөлшектер мен әскери мақсатта қолданылатын химиялық заттар бар. Сонымен қатар мұнай бағасына да шектеу қойылып, Еуроодақ азаматтарына Ресейдің мемлекеттік компаниялар мен корпорацияларында басшылық қызметінде болуға тыйым салынды.

Қара тізімде бірқатар ресейлік банкі мен компания бар. Еурокомиссияның жаңа ұсыныстарын енді Еуроодаққа мүше 27 елдің басшылары талқыға салады.

Урсула фон дер Ляйен, Еврокомиссия басшысы:

-Біз жалған референдум мен Украинадағы ешбір аннексияны қабылдамаймыз. Шиеленістің күшейюіне Кремльді міндетті түрде жауапқа тартамыз. Сондықтан Ресей тауарларының импортына қатаң шектеу шараларын енгізіп отырмыз. Бұл арқылы Еуропалық нарыққа кіру одан бетер қиындайды. Жаңа санкциялардан Ресей экономикасы 7 млрд еуро кірісінен қағылады.

Джозеп Боррель, Еуроодақ дипломатиясының басшысы:

-Біз Ресейдің 300 мың жасақты соғысқа тарту шешіміне қосымша шектеу шараларын ұсындық. Қара тізімде Украинадағы қарулы қақтығысты қолдап, оны жеңілдетіп, одан пайда ұтатындар болады.

Сондай-ақ...