АҚШ-тың ең қарт президенті келер жылы сайлауға қатысады | Әлем
- Бұл аптада Судандағы оқ атпау тәртібі тағы бірнеше күнге ұзартылды. Алайда куәгерлер бітім бұзылып жатқанын хабарлайды.
- Ұлыбритания үкіметінде кезекті дау. Вице-премьер әрі Әділет министрі қарамағындағыларға әлімжеттік көрсеткен. Бұл қылығы үшін саясаткер қызметінен айырылды.
- АҚШ-тың ең егде жастағы президенті Джо Байден келер жылы өтетін сайлауға қатысатын болды. Бұған дейін Ақ Үйдің экс басшысы Дональд Трамп та осындай ниеті барын мәлімдеген. Енді сарапшылар 2020 жылғы жағдай қайталануы мүмкін екенін айтады. Яғни президенттікке талас осы екі үмкіткер арасында өтуі ықтимал.
- Түркияда президент сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр.
- Ресейде "марафондардың ханшайымы" атанып кеткен блогер Елена Блиновская жалпы сомасы 918 миллион рубльден асатын салық төлемегені үшін қамауға алынды.
- Испанияда сәуір үшін тән емес ыстық орнады.