379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үлкен спорт. Элизабет Тұрсынбаева әлем чемпионатының күміс жүлде иегері атанды

  • 37

Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанау спорты тарихында төрт айналым сальховты әйелдер арасында тұңғыш рет жасаған спортшы атанды. 19-24 наурыз аралығында Жапонияның Сайтамасында өткізілген әлем чемпионатында ол күміс жүлдені иеленді. Тұрсынбаева бірнеше жыл бойы Канадада Брайан Орсердің қол астында жаттықты. Ал былтыр ресейлік жаттықтырушы Этери Тутберидзенің командасына ауысып, шеберлігін Мәскеуде шыңдап жүр. Элизабет Тұрсынбаева - әлем чемпионатында топ жарған қазақстандық екінші мәнерлеп сырғанаушы. Бұған дейін 2013 жылы өткізілген әлем біріншілігінде Денис Тен күміс медальді иеленіп, 2015 жылғы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізген еді.

Хабар 24 телеарнасы