378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үлкен спорт І Боксшы Василий Ломаченканың келесі қарсыласы кім?

  • 36

Жеңіл салмақтағы украин спортшысы Василий Ломаченко теңдессіз боксшы екендігін дәлелдеді. Бокс пен теннис спортының маманы Кевин Митчелл Гардиан газетіндегі мақаласында осылай жазыпты. Боксшының соңғы айқасына тоқталған шолушы Ломаченконың келесі қарсыласы кім болатынын айтады. Манчестерлік Энтони Кроллмен өткізген айқаста украин жігіті асқан шеберлікпен толассыз соққы жасап, қарсыласын есеңгіретіп тастады. Осылайша абсолютті жеңіл салмақтағы шын жеңімпаздың кім екендігін дәлелдеді. Кеңістікте шебер қимылдайтын Ломаченко шаршы алаңда шабуыл жасауды әбден меңгерген. Қарсыласынан қаша жүріп шабуылдағандағы оның соққылары да көздеген жерден дәл тиеді. Мұндай жойқын соққыға шыдаудың өзі оңай емес.

Хабар 24 телеарнасы