Интернет желісі, ақылды үй жүйесі: отандық технологияның мүмкіндіктері қандай?
«Айшылық алыс жерлерден көзді ашып-жұмғанша, жылдам хабар алғызған» қазіргі заманда еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін ұялы телефон ұстайтыны, интернеттен қалағанын көре алатыны жаңалық емес. Ал сол әлемнің кез келген нүктесіндегі ақпаратпен танысу үшін, әрине қажеті интернет байланыс. Иә, қарыштап кеткен ақпараттық технология ғасырының ғажайыбы көп-ақ. Технологиялар дәуіріндегі сіз бен біз мән бере бермейтін құрылғылар қандай? Интернетке қосылу және «ақылды үй» жүйелері сынды өміріңізді жеңілдететін инновациялық шешімдер қалай жүзеге асырылады? "Мade in KZ" бағдарламасынан көріңіз!