Экологиялық таза этнобренд: Павлодарда ерекше шеберхана жұмыс істейді

«Made in KZ» бағдарламасында экологиялық сапа талаптары мен ұлттық нақыш үйлесім тапқан ерекше өндіріс. Бүгін біз киім мен аксессуарларға жаңа өмір сыйлайтын Павлодардағы шеберханадамыз. Бұл кәсіпорын ескі матадан сәнді сөмке, ал дәстүрлі киізден заманауи этнокиімдер тігеді. Ұлттық мәдениет пен экологиялық жауапкершілкті қатар алып жүрген кәсіптің жұмысын бірге көрейік.