Зауыттың таңқаларлық технологиясы қандай? 

Қазақстанның мұнай өңдеу саласында жылдар бойы сыртқа шығарылып келген қалдық енді ел ішінде қайта өңделіп, жаңа өнімге айналып жатыр. Павлодардағы кәсіпорын мұнай қалдықтарынан алюминий өндірісіне қажетті күйдірілген мұнай коксын шығарады. Бұл өнім бұрын импорт арқылы жеткізілсе, бүгінде отандық өндірістің қажеттілігін өтеуге мүмкіндік беріп отыр. Зауыттағы ең қызығы – өндірістік шаң мен түтін де босқа кетпейді. Бұл технология қалай жұмыс істейді? Қазақстандық өнім Қытай нарығына қалай жол тартты? «Made in KZ» бағдарламасында.